Тоқаев: "Астана атауын өзгерту? Асыра сілтеген жоқпыз"

Dalanews 05 дек. 2019 06:11 974

Deutsche Welle агенттігіне сұхбат берген Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жеке басқа табынбайды мәлімдеді. Бұл туралы Dalanews.kz хабарлайды.

Агенттік тілшісі Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуге Тоқаевтың бастамашы болғанын, астана әуежайы Нұрсұлтан деп өзгергенін, қаланың қақ ортасында Назарбаев ескерткіші барын еске салды.

“Тұңғыш Президент күні тағы бар. Бұл  жеке басқа табынудың белгісі емес пе?” деді журналист.
Тоқаев бұл уәжбен келіспеді.


Оның айтуынша Назарбаев тарихи тұлға. Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын құйған, түптеп келгенде жаңа тарихи жағдайда қазақ мемлекеттігін қалыптастырған осы – Назарбаев.

“Біз оның еңбегін лайықты бағалауымыз керек. Асыра сілтедік деп те санамаймын. Астананың атын ауыстырғанымыз сізге ұнамай отырған секілді”, – деді Президент тілшіге қарата.

Оның ойынша мұнда жеке басқа табыну белгісі жоқ. Тоқаев астананың атауы Назарбаев орын босатқаннан кейін барып өзгергенін, қаланың дамуы бұрынғы президенттің есімімен байланысты екенін еске салды.

Рекомендовать
Последние новости