ТЖ министрі Әрінов миллион теңгенің сағатын ұстап жүргені рас па?

Көркем Алдабергенова 18 июн. 2024 15:26 2690

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің сағаты журналистердің көзіне түсіп, қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Dalanews.kz NUR.KZ-ке сілтеп. 

Министрге Қазақстанда құтқарушылардың алатын жалақысы туралы әңгіме барысында сұрақ қойылған. Шыңғыс Әрінов Қазақстандағы су тасқыны кезінде құтқарушылар қанша жалақы алғанын айтты. Министрге төтенше жағдай қызметкерлеріне осы ауыр жұмыс кезінде неге сырт келбетінің әдемі болуы талап етілгені жөнінде сұрақ қойылды.

"Менің ойымша, егер мұндай шағым жасалған болса... Құтқарушы, әсіресе, погон таққандар ұқыпты киініп жүруі керек деген талап бар екенін жасырмаймын. Сыртқы келбеті ұқыпты болуы – негізінен талап осындай болған: қырыну, тарану, формасын таза ұстау. Мұндай талап болды, өйткені біз басшылық және жергілікті басшылық ретінде гигиена мен жер-жердегі қызметін қалыпты атқаруға қажет жағдайларды ұйымдастырдық", - деп жауап берді Әрінов.

Төтенше жағдайлар министріне: "Құтқарушылар форманы өз қаржысына сатып алуға мәжбүр, ал министрлік басшысы "жылдық жалақыны" қолсағат ретінде тағып жүр деген пікір шындыққа жанаса ма?" деген сұрақ қойылды.

"Өз ақшаңа форма сатып алу жөніндегі талапқа келсек, мұндай талап жоқ. Қызметкерлерімізді толықтай қамтамасыз етіп отырмыз. Әттеген-айы, соншалық сапалы болмаса да, қамтамасыз етіп отырмыз. Ал екі миллион тұратын сағатқа келер болсақ, бұл да асыра айтушылық (...) Екі миллион тұрмайтыны анық. Қанша тұратынын мүлде білмеймін, бұл маған сыйға тартылған қарапайым сағат", - деп жауап берді Әрінов. 

Басылым мәліметінше, төтенше жағдайлар министрлігін басқаратын Әріновтің қолындағы сағат Garmin-нің MARQ Athlet сағаттарына ұқсайды. 

Сайттардағы мәлімет бойынша, Garmin - люксті мультиспорттық сағаттар. MARQ Athlete түрі ескі болып саналады, бірақ оларды да табуға болады. Мысалы сағат қазақстандық дүкенде 999 999 теңгеден тұр. 

Ал кейбір сайттарда бұл сағат 1,2 миллион теңгеден тұр. 


Рекомендовать
Последние новости