"Тыныш өмір сүргізбедіңдер": Атырауда жоғалған отбасының ұлы жазған хабарламалар жария болды

Сағыныш Сардарова 14 янв. 2026 16:02

Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалған отбасының жақындары бауырлары із-түссіз кеткен кезеңде олармен тек What’sApp арқылы хат алмасқанын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaq AIRAN арнасы жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өз сарайынан өлі табылған Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әдемі Шылмағамбетова қайғылы жағдай туралы айтты. Оның сөзінше, қарашаның басында осы отбасының Наурыз есімді ұлы әпкесіне отбасындағы жанжалдар туралы хабарлама жолдаған. Алайда осы хабарламадан кейін туыстарымен байланыс үзілген. Алаңдаушылық танытқан Әдемі Шылмағамбетова біраз уақыттан соң Наурызға өзі қоңырау шалған. Сол кезде отбасы мүшелерінің ішінде тек Наурыздың телефоны қосулы болған.

"Дым қалдырмай уақ малдарын сатып жіберіпті деген соң, мен қайтадан Наурызға хабарластым. "Әй, Наурыз, не істеп жатырсыңдар? Уақ малдарыңды сатып жіберді деп айтып жатыр. Өздері жоқ деп айтады ғой. Қайда кеттіңдер?" дедім. Телефон соқтым ғой. Сосын ол маған былай деп жазды: "Апамды Ташкентке алып кеттік. Емдетуге" деді. Сосын тағы бір айналып соқтым. "Наурыз, Ташкентте қайда алып кеттіңдер? Ауруханада ма? Санаторияда ма? Қайда?" деп едім. "Ағайындарда, таныстың үйінде" деді. Телефонмен сөйлеспейді, What’sApp-пен жазады. Телефон соқсам, бірден жауап бермейді. Тағы айналып, тағы соқтым. "Айналайын, не істеп жатырсыңдар?" дедім. "Еліңде малың бар. Үйіңде газ жанып тұр. Тәтең мен Мейрамгүлді ауылға жібер. Сен анаңның қасында бол. Апаңның емі қашан бітеді?" дедім. "Желтоқсанның 10-ында ауылға шығамыз" деді", – дейді марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы.

Qazaq AIRAN кадры

Айта кетейік, ерлі-зайыптының өлімінен кейін олардың 33 және 35 жастағы балаларынан әлі хабар жоқ. Ал марқұмдардың күйеу баласы – 29 жастағы Атырау тұрғыны күдікті ретінде іздестіріліп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove