Белсенді алматылық автобус жүргізушілері рейстен келіп, "демалатын" орынды көрсетті

Көркем Алдабергенова 13 янв. 2026 16:45

Белсенді Полина Шиманская Алматыдағы N57 автобус жүргізушілері демалатын орынды көрсетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, Алматыдағы ең проблемалы бағыттардың бірі саналатын №57 жүргізушілері рейстен келіп демалатын орын айдалада орналасқан. Жүргізушілерге ешқандай жағдай жасалмаған. 

Жүргізушілер ауыр әрі адам төзгісіз жағдайда жұмыс істеп жүр. Олардың айтуынша, еңбек жағдайы тек ыңғайсыз емес, тікелей денсаулыққа қауіп төндіретін деңгейге жеткен.

Жүргізушілердің негізгі шағымдарының бірі – ең қарапайым тұрмыстық жағдайдың жоқтығы. Маршруттың соңғы аялдамасында олар үшін жабдықталған әжетхана да, таза су да жоқ.

Ас ішетін орын ретінде ескі вагон қойылған, бірақ онда:

  • ауыз су жоқ,

  • қол жуатын жер қарастырылмаған,

  • санитарлық талаптар сақталмайды.

№57 маршрутта жұмыс істейтін жүргізушілер таңғы алтыдан кешкі 23.00-ге дейін рөлде отырады. Демалуға, дәретханаға баруға немесе тамақ ішуге жеткілікті үзіліс берілмейді.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove