Тікұшақ пен дрон тартылды: Ақтөбе облысында жоғалған 10 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Сағыныш Сардарова 31 мар. 2026 12:24

Ақтөбе облысында жоғалған 10 жастағы бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақтөбе облысы ПД мәліметінше, 29 наурызда кешке Мартөк ауданы полиция бөліміне 2016 жылы туған бала жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша бала суға құлап кетуі мүмкін.

"Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, құтқарушылар (оның ішінде сүңгуірлер), ұшқышсыз ұшу аппараттары, кинолог, арнайы техника және тікұшақ жұмылдырылды. Тұрғындар мен әскери қызметшілер тартылды. Елек өзені катерлермен тексеріліп жатыр", - деді Мәртөк ауданы полиция бөлімінің бастығы Мұрат Омарғалиев.

Еске салайық, Түркістан облысында да суға кеткен баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove