Терістеме ақпарат

Dalanews 04 февр. 2020 10:20 748

Үстіміздегі жылдың 1 ақпан күні Dalanews.kz ақпараттық агенттігі Central Asia Monitor басылымына сілтеме жасап, «Лицензиясынан айырылған оқу орындарының түлектері кімдер?» мақала жариялаған болатын.

Мақалада Орталық Азия университетіне ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан берліген лицензиясы тоқтатылғыны жайында ақпарат айтылған болатын.

Бұдан кейін Dalanews.kz редакциясына Орталық Азия университетінің ректоры Марат Надров хат жолдап, оқу орынның лицензиясы тоқтатылды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады. Осыдан кейін жоғарыдағы материал сайттың ақпараттар лентасынан өшірілді.

Осы ретте Dalanews.kz редакциясы кеткен қателік үшін университет ұжымы мен студенттерінен кешірім өтінеді.

Рекомендовать
Последние новости