Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтарға байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Алаяқтар өздерін Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлері ретінде таныстырып, WhatsApp арқылы немесе телефон арқылы хабарласып, есептілік (270-нысан) тапсырылмағанын айтып, "айыппұл" немесе "шоттарды бұғаттау" туралы қорқытады. Қорқыту, "мәселені шешіп беру" немесе жеке деректерді сұрау сияқты хабарламалар - алаяқтық әрекеттер", - деді комитет өкілдері.
Комитет WhatsApp немесе Telegram арқылы хабарлама таратпайды, ЭЦҚ, кодтар мен жеке деректерді сұрамайды.
"Сақ болыңыздар, сілтемелерге өтпеңіздер, келген кодты ешкімге айтпаңыздар және ақпараттың шынайылығын тексеріңіздер!" - деп ескертті МКК өкілдері.
 
                         
                     
                                     
                                    