Британдық ер адам апаттың салдарынан бетінің жартысын жоғалтқаннан кейін оған 3D-принтерде жаңа бет жасап шықты деп хабарлайдыDalanews.kz. Mirror басылымына сілтеме жасап.
2021 жылы Девон қаласының 75 жастағы тұрғыны Дэйв Ричардс қорқынышты апаттан сәтті аман қалды – велосипедпен келе жатқан ол мас жүргізушінің соққысынан зардап шекті. Ер адам бірнеше жарақат алды: сынықтар, сіңір зақымданулары және бетінің жартысында үшінші дәрежелі күйік. Мұндай күйік кезінде терінің барлық қабаттары зақымданады, жазылған кезде ол түйінделіп, қалың әрі қозғалмайтын болады.
Хирургтер ер адамның көзін сақтап қалуға тырысты, бірақ инфекция көру жүйкесіне таралу қаупі болғандықтан оны алу қажет болды. Содан кейін дәрігерлер бетінің бұзылған жартысын жабу үшін дененің басқа бөлігінен қан тамырлары бар тін бөлігін трансплантациялады.
NBT реконструктивтік хирургия бойынша аға маманы Эми Дэйви айтқандай, 3D-сканерлеу науқастың қозғалысына бейімделетін протездерді дайындауға мүмкіндік береді, ал басып шығару үшін қолданылатын материалдар теріге қауіпсіз болып, тіндердің құрылымын имитациялай алады.
Протез орнатылғаннан кейін Дэйв қалпына келу курсынан өтуді жалғастырды. Сондай-ақ оған жеке орбиталық протез және 3D-принтерде жасалған мойын корсеті дайындалды.
Қазір ер адам шрамдағы кернеуді азайту үшін емдеуді жалғастыруда.
