Тексерушілер «СК-Фармация» қоймасынан дәрі-дәрмектің мол қорын тауып алды

Dalanews 16 июл. 2020 10:47 859

Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері "СК-Фармация" ЖШС-ының Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қаласындағы қоймаларын сүзгіден өткізді деп хабарлайды Dalanews.kz.




Соның барысында COVID-19-дың емдеу хаттамасыне енген дәрі-дәрмектің мол қоры табылды.  Агенттік қызметкерлерімен ілесе келген қоғам өкілдері "мұншама дәріні медмекемелерге неліктен дер кезінде таратпаған?" деген заңды сауал қойды.

Коронавируспен күресте Қазақстанға бағытталып жатқан гуманитарлық көмек алдымен "СК-Фармацияға" аялайды. Жүкті қабылдау мен оның тасымалына осы компания жауап береді. Дәрі-дәрмекті өңірлерге жөнелту Денсаулық сақтау министрлігімен келісімімен жүзеге асады. Оларды әрі қарай тарату жергілікті денсаулық сақтау басқармасына жүктеледі.

"СК-Фармация" жұмысындағы кемшіліктерді анықтау жұмысына қоғам өкілдері де атсалысуда.


Әзір жемқорлыққа қарсы қызмет Катардан жеткен гуманитарлық көмектің Павлодар облыстық ауруханасына жеткізілу процесі қаншалықты заңды болғанын анықтауда.

Агенттіктің Шымкенттегі өкілдері Қытайдан келген көмектің өңірлік медмекемелерге тиісті деңгейде жетуін бақылауға алған.

Сонымен қатар Ақтөбе облысына Қытай мен Ресейден жеткен гуманитарлық көмектің (оның ішінде медициналық көзілдірік, медициналық қорғаныс құралдары,  хирургиялық қолғап, термометр және тағы басқасы бар, ред.) тиісті орындарға жедел жетуіне де жемқорлыққа қарсы агенттік мамандары бақылауда ұстауда.

Күні кеше Маңғыстау өңіріне Араб Әмірлігінен вирустан қорғайтын заттар жеткізілді. Олар да қатаң бақылауға алынып, аймақтағы медорындарға жеткізіледі.

10 шілде Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев "СК-Фармация" және Сақтандыру қорының жұмысын сынға алып, олардың қызметін тергеуге алуды тапсырған. Артынша "СК-Фармация" басшысы Берік Шәріп орнынан алынған. Жемқорлыққа қарсы қызмет мекемедегі корруция белгілерін анықтау мақсатында тергеуді бастап кетті. Ол 31 шілдеге дейін жалғасады.

 

Рекомендовать
Последние новости