Пхукет жағалауында туристер мінген катер апатқа ұшырап, суға батты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оқиға 11 қаңтарда болған. Korawich Marine 888 туристік катері балық аулайтын кемемен соқтығысып, көп ұзамай суға кеткен.
Апат салдарынан 18 жастағы Ресей азаматы қаза тапты. Тағы бірнеше адам жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілген.
Катер бортында барлығы 55 адам болған. Олардың ішінде сегіз Қазақстан азаматы бар. Үшеуі ауруханаға жатқызылды, қалғандарына оқиға орнында көмек көрсетілген.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, барлық шығынды сақтандыру компаниясы өз мойнына алған. Қазақстан консулы отандастармен тұрақты байланыста болып, қажетті қолдау көрсетіп жатыр.
