Тауық фермасы іске қосылады

Dalanews 02 мар. 2020 10:03 1242

Шардара ауданының тұрғындары алдағы айда өздерінде өндірілген сапалы жұмыртқаны тұтынатын болады. Бұл іске Жаушықұм ауылындағы 5 мың құсы бар тауық фермасы бел шешіп кіріспек ниетте.

2019 жылдың қазан айында Жаушықұм ауылының тұрғыны Құралбек Дүйсебаев Талдықорған қаласынан 5 мың бас балапан сатып әкеліп, арнайы қорада күтіп-баптаған. Сол балапандардың басым бөлігі енді бірер күнде алғашқы жұмыртқасын бере бастамақ. Шаруа күніне шамамен 4,5 мың дана жұмыртқа аламыз деп жоспарлап отыр.

– Бүгінде Шардара ауданына жұмыртқа сырт аудан, қалалардан тасмалданады. Тіпті еліміздің өзге облыстарынан да әкелінеді. Яғни сұраныс мол. Бізге осы жайт ой салып, жұмыртқа өндіру бағытында жеке бизнесімізді бастап көрмекке ниеттендік. Міне, былтыр 5 мың тауық әкелсек, алдағы шілде айында оның қатарын 10 мың басқа жеткізсек деп отырмыз, – дейді «Жаушықұм-құс» серіктестігінің басшысы Құралбек Дүйсебаев.


Кәсіпкер жігіт дәл осындай тауық фермасын көрші Арыс қаласының Ақдала ауылында да салып жатыр. Қазір бұл ферманың құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Енді бірер айда 10 мың бастық тауық фермасы Арыс қаласынан да іске қосылады.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі

Рекомендовать
Последние новости