Намазды мешітте емес, үйде оқыса да болады

Dalanews 02 мар. 2020 09:07 810

Қазақстанда коронавирусқа байланысты мешіттерде намазды ашық аспан астында оқу ұсынылған болатын. Осы мәселеге қатысты Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

– Мешіттерге айтылған ұсыныс бойынша бас имамдардың өздері шешім қабылдауы керек. Ашығын айтқанда, Алланың алдында ниет қылу мешіттерде ғана емес, әрбір азамат өз үйінде де, ашық аспан астында да ниет қыла алады.

Бұл әрбір азаматтың өз құқығы деп ойлаймыз. Дегенмен, адам көп жиналатын жерлерде бұл мәселені ескеруіміз керек. Оңтүстік Кореяда коронавирус осы діни орындардан таралғанын білеміз.


Сондықтан мұны да ескеріп, азаматтарды сақтандыруға тиіспіз, – деді Тоғжанов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін үкімет басшысы Асқар Мамин әкімдіктерге мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарда, әсіресе, оқу орындарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сауда орталықтары мен базарларда эпидемияға қарсы іс шараларды күшейтуді тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, 6  қаңтардан бері мемлекеттік шекарада бір миллионға жуық азамат тексерілген. Қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирус анықталған жоқ.

Рекомендовать
Последние новости