Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ұлан, Риддер, Зайсан, Жарма ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлайды

Dalanews 27 июл. 2021 08:53 1084

Қазақстанның Тәуелсіздігін мерекелеудегі маңызды бағыттардың бірі – өндіріс орындарын ашу және әлеуметтік нысандарды пайдалануға беру. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған брифинг барысында ШҚО әкімінің орынбасары Азамат Мұхамедчинов осы бағытта үлкен жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Өскеменде 120 және 250 орындық екі балабақша пайдалануға берілді. Семейде онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу үшін еліміздегі алғашқы ядролық медицина орталығы ашылды.

Елорда күніне орай өңірде 10 әлеуметтік маңызы бар нысан ашылды. Оның ішінде Семейдегі перинаталдық орталықтың үшінші перзентханасы, Үржар ауданы Мақаншы ауылындағы 128 орындық балабақша мен спорт модулі бар.

Ұлан, Зайсан, Жарма ауданындағы ауыл тұрғындары жаңа пәтерлер мен үйлердің кілттерін алып, қоныс тойын тойлады.

Құрылыс қарқынының артуының арқасында мерзімінен бұрын өрт кезінде зардап шеккен Риддер тұрғындарының бір бөлігі жаңадан салынған үйлердің кілттерін алды.

Азамат Мұхамедчинов жыл соңына дейін 47 әлеуметтік нысанды, оның ішінде тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарланып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының екінші кезегін іске қосу да маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Бұл Тәуелсіздік жылдарындағы аймақтағы ең ірі инвестициялық жоба.

Рекомендовать
Последние новости