Тәуелсіздік жылдары Қазақстан металлургиясы қандай кезеңдерді бастан өткерді?

Dalanews 16 дек. 2021 03:05 1045

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан металлургиясы көптеген қиындықтарды бастан өткергені белгілі. Бұл жайында «Қазмырыш» компаниясыны металлургия бойынша атақарушы директоры, Nur Otan партиясының мүшесі, Шығыс Қазақстан облыстың мәслихатының депутаты Тұрарбек Әзкенов айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.   

– Қазақстан металлургиясы Тәуелсіздік жылдары үлкен қиындықтарды еңсерді. Тоқсаныншы жылдардың басында өте қиын кезеңдерді бастан кештік. Ол кезде өндірген өнімді өткізу, саудалаудың жолдары толықтай күйреген еді. Қай бағытта қимылдаудың өзі белгісіз болатын.

Осындай қиын кезеңде біздер Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенді саясатына арқа сүйеп, қиыншылықты еңсердік. Елбасының стратегиялық ойлау жүйесіні жалғыз бізді ғана емес, тұтастай ел экономикасын үлкен қиыншылықтан алып шықты деп есептеймін. Бұл үшін Елбасына алғыс айтамыз.

Еліміз тәуелсіздік алған жылдары Нұрсұлтан Әбішұлының «алдымен экономика, содан кейін саясат» деген қағидасы ел дамуына серпін беріп, еліміздің жарқын болашаққа бастады.


Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылдағы Қазақстанның металлургия саласын үш кезеңге бөліп қарауға болады. Бірінші кезең – одақтың құлап, қиыншылықтардың пайда болды. Бұл кезеңде өндірісті қалыпқа келтіру, осыған дейінгі өндірістік технология, жұмысшы мамандары сақтап қалау маңызды міндет болды. Біздер әупірімдеп жүріп осы мақсатты жүзеге асырдық.

Екінші кезеңде – өндірістік процесті жаңғыртып, заманауи шешімдер қабылдауымызға тура келді. Сол кезде Тәуелсіздік біздің кәсіпорынның алдына жаңа міндеттер қойғанын түсіндік. Кеңес заманында өнім өндіріп, оны жоғары жаққа жөнелту келдік. Ал Тәуелсіздік алған соң еліміздің алтын қорын қалыптастыру міндеті тұрды. Осылайшы алғашқы аффинаж зауытын іске қосып, еліміздің алтын қорын қалыптастырғанымызды мақтанышпен айта аламын.

Үшінші кезеңде – Қазақстан металлургиясы көздеген мақсатына толықтай көз жеткізгенін байқауға болады. Біздер алдағы уақытта Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген табыстарымызға тоқмейлісмей алға қарай қадам басып, ел экономикасын өркендету жолындағы жұмыстарымызды жалғастыра береміз. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметовтың қолдауымен өндірісімізді кеңейтіп, өңір халқының әл-ауқатын жақсартуға күш салып келеміз, – деп Тұрарбек Әзкенов Қазақстан металлуриясының жүріп өткен жолы жайында баяндап берді.

Рекомендовать
Последние новости