Тәуелсіздік жылдары ШҚО археологтары 26 мың құнды жәдігерді тапты

Dalanews 21 дек. 2021 03:42 1234

Ұлы Абайдың кіндік қаны тамған Шығыс Қазақстан облысы ел руханиятының алтын қазығы десек болады. Тәуелсіздік жылдары қазақ тарихы мен мәдениетінің өрісін кеңейтуде облыс аумағында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Еліміз егемендігін алған жылдары өңірде мәдениетті дамытуға мемлекеттік бюджеттен 110 млрд теңге бағытталып, ауықымды жұмыстар жүзеге асты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Таяуда Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасы 1991-2021 жылдар аралығында өңірдегі мәдениет саласын өркендетуге мемлекет қазынасынан 110 млрд теңге жұмсалғанын алға тартты. Қомақты қаржы өңірдегі мәдениет және өнер мекемелерінің санын арттырып, жұмысын жандандыуға бағыталған.

Осы уақыт аралығында мәдениет саласына қатысы бар 630 ұйым пайда болып, өңірде кітапхана, клубтық ұйымдар, мұражайлар, Достық үйлері, кинотеатрлар, концерт залдары мен мәдени саябақтар пайда болғанын айта кетуіміз керек.

Ал соңғы ондағын жылдың ішінде облыс аумағында 170 мәдени нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, халықтың пайдалануына беріліген.

Осы ретте Тәуелсіздік жылдары ШҚО археологтары ұзын саны 26 мыңынан асатын құнды жәдігерлерді жер астынан қазып алғанын айта кетуіміз керек. Осылайша археолог мамандар қазақтың тамыры көне замандармен ұштасып жатқанын дәлелдеп берді.


Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ШҚО әкімдігі Қазақстанның ежелгі көшпенділеріне арналған Кембридждегі Фицуильям музейінде «Ұлы дала алтыны» көрмесін ұйымдастыру еліміз үшін айтулы оқиға болғаны анық.

Сол кезде шетелдік басыламдар «Лондон төрінде ұйымдастырылған көрме әлем жұртшылығының Орталық Азия көшпенділері туралы ойын өзгертті» деп жазған болатын.

Көрме экспозициясында Шығыс Қазақстан археологтарының тарихи бұйымдары ұсынылып, қазақ өркениетінің қаншалық бай екені көрсетті.

Экспозиция көшпенділердің ержүрек жауынгер, сұлулық пен тарихты жасаушылар болғанын паш еткені анық. Сонымен қатар, әр экспонат табылған жердің жеке фотосуретімен сүйемелденген.

Өз кезегінде ШҚО әкімі Даниал Ахметов көрме қонақтарын қарсы алып, оқиғаның Қазақстан мен Ұлыбритания қарым-қатынастары үшін маңызды екенін атап өтіп, экспозицияның көпшілікті бірегей артефактілермен таныстырып, Қазақстан мен Біріккен Корольдік арасындағы мәдени және тарихи мұрасы бар елдер арасындағы мультимәдени алмасу тізбегінің бір буынына айналатынына тілек білдірген болатын.

Рекомендовать
Последние новости