Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Арон секілді ерлер, Назарбаев емес – журналист

Dalanews 26 апр. 2022 06:17 1092

Белгілі журналист Мұхтар Түменбай Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Назарбаев емес, Арон Атабек сынды ерлер екенін Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобының есіне салды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Назарбаевтың мәртебесін Атазаңда бекіту керек деген Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобына айтарым бар. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған кім екенін айтайын, естеріңе мықтап сақтап алыңдар!

Тәуелсіз Қазақстанның негізін 86-ның қақаған аязында намысты қолдан бермейміз деп алаңға шыққан азаматтар, шейіт болған боздақтар, 90 жылдары елді жаппай жұмыссыздық жайлағанда Қытайдан көк дорба арқалап үйлерін асыраған апалар мен жеңгейлер, сол кезде батысымыз пен шығыста ешірген казактарға тойтарыс беріп аузын жаптырған ерлер, Ақсайда құтырған түріктерді орнына қойған батырлар,


унитарлық мемлекетте автономия талап еткен өзге ұлттарды тыныштандырған қазақтар, Жаңаөзенде құрбан болған арыстар, «Назарбаевтың алдында иілгенше түрмеде шірігенім артық» деп қасқайып тұрған Арондар, елдің елдігі сөгілмес үшін 30 жыл бойы бәріне төзіп, тәуелсіздік үшін неге болса да шыдаймыз деген қазақтар, жердің қазынасынан қағылса да, елдік қасиетінен айрылмаған қазақтар еліміздің негізін қалады.

Назарбаев емес, міне, осылар Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған.

Мүлдем нақұрыс болмаңдар, тым құрығанда солардан ұялмайсыңдар ма? – деп жазы белгілі журналист өзінің әлеуметтік парақшасын.

Рекомендовать
Последние новости