Тасмағамбетов үш тұғырлы тілдің түйінін тарқата ма?

Dalanews 14 сент. 2016 06:34 838

Ескі де жаңа Үкімет жұмысқа кірісті. Шенеуніктердің көбі орнында қалған, тек Қорғаныс пен Әділет министрлерінің ауысты. Өз командасын жинақтағанда Бақытжан Сағынтаев орынбасарларына ерекше мән бергендей. Соңғы екі жылдан бері еліміздің қорғанысына жауапты болған Иманғали Тасмағамбетов енді вице-премьер. Тағы бір өзгеріс, Мемлекеттік қызмет істері таратылып, Дін істері және азамттық қоғам деп аталатын жаңа министрлік құрылды.

9-шы премьер Бақытжан Сағынтаев жасақтаған 9-шы Министрлер кабинеті. Жаңа премьер үкімет мүшелерінің орынын аз-кем ауыстырып, тізімді Ақордаға жіберген. Нұрсұлтан Назарбаев ұзақ ұстамай, ұсынысты бірден қолдапты. Сонымен,мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін Сағынтаевқа Иманғали Тасмағамбетов көмектеспекші. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев:
– Иманғали Тасмағамбетов Қорғаныс министрлігінде табысты жұмыс істеді. Тапсырмаларымды нақты, тыңғылықты орындады. Менің жарлығыммен енді премьер министрдің орынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметті де әдеттегідей абыроймен атқарады деп сенемін, – деп үміт артатынын байқатты.

Шындығында Тасмағамбетов үшін бұл қызмет тансық емес. Ол бұған дейін де бірнеше рет премьердің орынбасары болды, тіпті Үкіметті басқарғанын білеміз. Сондықтан Имекеңнің Министрлер кабинетімен жұмыс істеудің ішкі тәртібін жақсы біледі. 60 жастағы шенеунік соңғы екі жылдан бері Қорғаныс министрі болған соң жиі көріне бермегінеі анық.
Енді вице-премьер ретінде үш тұғырлы тіл, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы мәселелердің түйінін тарқататыны анық.  

Тағы бір жаңалық Дін істері және азаматтық қоғам деп аталатын жаңа министрлік пайда болды. Бұл ведомство соңғы кезде дін атын жамылып, ел ішіде бүлік салған лаңкестердің көбейіп кетуіне байланысты құрылса керек. Оған Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болған Нұрлан Ермекбаев жетекшілік етеді. Ауыл шаруашылығыминистрі Асқар Мырзахметов бұрынғыдай вице-премьер қызметін қатар алып жүреді.

Сағынтаевтың бірінші орынбасары – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының экс-төрағасы Асқар Мамин. Министрлерге келсек, аса өзгеріс жоқ. Тек Берік Имашев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Оның орнын Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасыры, 39 жастағы Марат Бекетаев басты. Қалған министрлер өз орнын сақтап қалған.
Осылайша қайта жасақталған ескі де, жаңа үкіметтің ең жас мүшесі 36 жастағы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, ал ең егдесі 58 жастағы Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.

Ал, шенеуніктер арасындағы жемқорлықпен Қайрат Қожамжаров күреседі. Бұдан былай ол қайта құрылған Мемлекеттік қызмет істеріжәне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы. Өйткені Мемлекеттік қызмет істері министрлігі бір жыл өтпей таратылып отыр.

Енді Сағынтаевтың командасы енді бір минут та тыным таппауы тиіс. Үкімет ең алдымен терроризм мен экстремизмге қарсы заңды қайта жазып, шұғыл алдағы жылдардың бюджетін нақтылап, Парламентке таныстыруы қажет. Және қысқа уақытта жұртты тұрғын үймен қамтуға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеуі керек. Ал іске кіріспес бұрын, жаңаҮкімет жақын күндері президент алдында ант қабылдайды.

 

Дереккөзі: КТК арнасы

 

Рекомендовать
Последние новости