Тасмағамбетов Астанада өтетін ҰҚШҰ кеңесінде қандай маңызды құжат қабылданатынын айтты

Көркем Алдабергенова 25 нояб. 2024 15:12 651

ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Беларусьтің СТВ телеарнасына берген сұхбатында ұйымның Астанада өтетін отырысында қабылданатын маңызды құжат туралы айтып берді, - деп хабарлайды Dalanews.kz
 
Оның сөзінше, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кеңесі Тәжікстан-Ауғанстан шекарасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған мақсатты мемлекетаралық бағдарламаны бекітуді жоспарлап отыр.

"Ауғанстан тақырыбы – ҰҚШҰ қызметінің өзекті бағыттарының бірі. Бұл нені білдіретінін сіздер жақсы білесіздер. Орталық Азия үшін Ауғанстанның маңызы зор, себебі жағдай біршама тұрақталғанымен, бейбіт бағытқа баяу болса да ауысып келеді. Дегенмен, Ауғанстан аумағында террористік ұйымдар әлі де жеткілікті. Әрине, бұл – өте маңызды мәселе", – деді Иманғали Тасмағамбетов.

Сондай-ақ, ол жаңа бағдарлама ҰҚШҰ-ға мүше елдерге шекарадағы жағдайды бірлесіп реттеуге және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Еске салайық, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы 27–28 қазанда Астанада өтеді. Осыған байланысты бүгін Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға үндеу жасады. 

Шетел мемлекет басшыларының қатысуымен өтетін ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу және оған әзірлік аясында, 27-28 қарашада елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады.

Дайындық шараларында ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және Қарулы Күштер ресурстарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген.

Сонымен қатар 27 қарашада Астана қаласы аспанында ҚР ҚМ майдан авиациясының ұшуы жоспарланған.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада. 


Рекомендовать
Последние новости