Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары 5 жылға сотталды

Сағыныш Сардарова 08 апр. 2024 17:39 2387

Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытай 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

press.kz мәліметінше, Жамбыл облысында жазда Грузиядан экстрадицияланған Қайсар Сарытайға қатысты үкім шығарылды.

Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін ол мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды және 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.

Жамбыл облысы бойынша аумақтық департамент ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағының, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігімен Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.А. Сарытайға халықаралық іздеу жариялады.

Ал 2021 жылы Қайсар Сарытай Грузияда ұсталған еді. 

"Халықаралық ынтымақтастық аясындағы жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Грузияның құқық қорғау органдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ҰОБ-мен бірлесіп, Қ.А. Сарытайды Грузия аумағында ұстап, қамауға алды", - деп хабарлады сол кезде Антикор.


Рекомендовать
Последние новости