Танымал қырғыз олигархы Райымбек Матраимов Бакуде жүрген жерінен ұсталды

Көркем Алдабергенова 27 мар. 2024 10:20 2944

Қырғызстанның кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимов Бакуден Бішкекке экстрадицияланды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Kaktus.media-ға сілтеп.

Басылым мәліметінше, Матраимов үкіметтік ұшақпен жеткізілген. Оның қасында «Ошгаз» кәсіпорны директорының бұрынғы орынбасары Тілек Матраимов та болған.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде Матраимовтың Бішкекке келе жатқан сәтінен суреттер тараған. Бірінде Матраимовтың қолына кісен салынған болса, екінші суретте ер адам ұшақтан түсіп келе жатады.

Айта кетейік, биыл қаңтардың соңында Райымбек Матраимовқа іздеу жарияланып, оның миллиардтаған сом деп бағаланған жылжымайтын мүліктері мемлекетке берілген болатын.

 


Рекомендовать
Последние новости