Танымал диетолог: "Қазақтың сорпасы ағзаға аса пайдалы"

Dalanews 20 сент. 2019 15:12 920

Қазақтың дәстүрлі дастарханы тойымдылығымен, дәмділігімен ерекше. Ет, бауырсақ, қуырдақ секілді дәстүрлі тағамдардың дәмі тіл үйіреді. Алайда олар пайдалы ма?

Дәстүрлі тағамнан бас тартып, оларды заманауи табиғи өнімдермен, айталық, бауырсақты брокколимен алмастырсақ жастығымызды, денсаулығымызды түзеуге мүмкіндік бар ма? Бұл жайында диет-бапкер, дәрігер-диетолог, медицина ғылымының докторы, Украина диетологтары қауымдастығының вице-президенті Оксана Скиталинская «Дұрыс тамақтану және отбасы бақытты» атты семинарда айтып берді. Іс-шара Nutrilite by Amway-дың қолдауымен Алматы, Нұр-Сұлтан және Ақтау қаласында ұйымдастырылды.

Сарапшы жиналған жұртқа дұрыс тамақтанудың, әркез әдемі әрі сергек жүрудің амалдарын айтып берді. Ақтауда өткен іс-шараның соңында Dalanews.kz тілшісіне Оксанамен сұхбаттасудың сәті түсті.

- Украинамен салыстырғанда Қазақстанның тамақтану мәдениетінде қандай өзгешелік бар? Қазақтың ұлттық асханасы тойымды, калориялы бұл ағзаға ауыр ма?

- Қазақстан мен Украинаның ұқсас тұсы көп. Біз де мол дастархан жайғанды ұнатамыз, үстел басында әулетімізбен жиналамыз. Ұн мен еттен тұратын тағамдарымыз да ұқсас. Өкінішке орай, жейтін асымыздың барлығы пайдалы емес. Еттің майға шылқытып қуырамыз, мәзірімізді ұнды, тәтті тағамдар көп.

Мұның жақсы жақтары да бар. Айталық, Қазақстан көбігін қалқып алынған, суға қайнаған етті ұнатады. Бұл әрі дәмді әрі пайдалы. Сорпа тектес тағамдарыңыз көп, бұл да ағзаға аса пайдалы. Сорпа – адамға күш-қуат береді.

Қазақтар шәйқор халық. Сүтті өнімдерді де көп тұтынады. Бұл да денсаулық пайдалы. Сондықтан қазақтың ас мәзірін ағзаға зиян деп айтпас едім. Барлығы мөлшермен болуы керек. Кез-келген асты дәмді, пайдалы етіп дайындау ләзім.


Мәселен, етті майға қуырғаннан, суға қайнатқан жөн. Тамақ әзірлейтін ыдыс-аяққа да мұқият болуы қажет. Тефлон, фольга секілді дүниелер ағзаны улайды. Олардың құрамында алюминий бар. Ол бұл мидың жұмысына кері әсер етіп, есте сақтау қабілетін төмендетіп, мұның соңы алжуға алып келеді. Сондықтан ас әзірлеуде шыны ыдыстарды пайдалану керек.

- Дұрыс тамақтану – көкөніс, жеміс-жидекті молынан жеу дегенді білдіреді. Маңғыстау көкөніс, жеміс-жидектің түрлері тапшы.  Любое правильное питание подразумевает употребление большого количества овощей. Мұндай жағдайда дұрыс тамақтанудың қандай амалдары бар?

- Медицина әлдеқашан дәлелдеген, адамдар өзі тұратын өңірдің табиғатына сай өнімдерді тұтынғаны жөн. Біздің бабаларымыз қалай тамақтанды, демек бұл біздің тұқымымызда бар, қанымызда сақталған.

Біздің асқорыту жүйеміз ғасырлар, жылдар бойы осы бір өнімдерді тұтынып, қорытуға төселген.

Иә, әзір біз бананды да, ананасты алып жей аламыз. Біраз олар біздің табиғатымызда, бояуымызға тән емес, сондықтан оларды күнделікті тұтына алмаймыз.  Туған жеріміздің үйреншікті ас-суын пайдаланған жөн.


Әзір дүкендерде мұздатылған көкөністер мен жидектор сатылады. Мұздатылған өнім құрамындағы барлық пайдалы заттарды сақтап тұрады, сондықтан оларды тұтынған ағзаға пайдалы болмаса, зиянды емес.

Торт, кәмпит секілді тәтті-дәмдінің орнын жеміс-жидекпен алмастырсаңыз ұтылмайсыз. Ағзаңыз сізге «алғыс» айтады. Жеміс-жидектің құрамында ағзаны қартаюын тежейтін, семіздікке тосқауыл қоятын, жүрек, қан-тамыр жұмысын жақсартатын, мутацияға жол бермейтін пайдалы жасушалар бар.

- Қоғамда «дұрыс тамақтану – тым қымбат деген көзқарас қалыптасқан». Әрі пайдалы, әрі үнемді тамақтануды жолдары бар ма?

- Бұл шындыққа жанаспайды. Дұрыс тамақтану қалтаға салмақ салмайды. Пайдалы астың құны әсте қымбат емес. Неден жасалған белгісі шұжықтың орнына сорпасы бар, суға қайнаған ет жеген әлдеқайда пайдалы, құнарлы, сіңімді. Сол секілді чипсі жегеннен көрі, буға піскен картоп тұтынсаңыз жасыңызға жас қосасыз.

 - Бүгінгі семинарды қандай мәселерді сөз еттіңіз?

-  Қазір сары май мен жұмыртқа ағзаға зиян деген пікір қалыптасқан. Негізінде бұлар ағзаға аса қажетті, адамға күш-қуат беретін тағам түрі. Сосын бес уақыт тамақтану туралы қағида да қате, мұның денсаулыққа зияны көп.

Бес уақыт тамақтанған адамның асқазаны асты қорытып үлгере ме? Біздің бабаларымызға қарасақ, олар азанмен оразасын ашып, күні бойы еңбек етіп, тек кешкісін ғана жүрек жалғаған. Бес уақыт тамақтану кезекті маркетингтік амал, анығында ас-су көптеп сатып алдырудың жолға ғана. Адамдар ала түссін деген пасық пиғыл. «Тіскебасарға мына бір печеньені, мына бір йогуртты ала кетіңіз», деу арқылы әлдебіреулер пайдаға кенеліп отыр.

Адамға күніне үш уақыт тамақтанған жеткілікті. Ең бастысы жатарға дейінгі үш сағат аралықта ас ішпеңіз.


Ашығып тұру да қажет. Қазақтар да Ораза айы бар. Бұл ай ағзаға жалпы жұмысына оң әсер ететін кезең. Ашыққан адамның ағзасы «қоқыстан» арылады. Мұны ғылымда аутофагия деп атайды.

Артық салмақ қоспау үшін ара-тұра кешкі астан бас тартып, күйзеліске түсуден сақтану керек. Дұрыс тынығып, уақытында ұйықтау адамның өмірін ұзартады.

- Бірақ бүгінгі заманның ағымында сіз айтқан ережелерді сақтау тым ауыр емес пе? Үйден жұмысқан, жұмыстан үйше асыққан аласапыранда дұрыс тамақтануды соңғы кезекте ойлайсың ғой...

- Мұндайда тағамдық қоспалар көмекке келеді. Бұлар денсаулыққа зиян деген қате көзқарасы қалыптасқан. Мұндай қоспалардың құрамында ағзаға қажетті фитонутриенттер бар.

Өз семинарымда мен дәлі осындай қоспа NutriliteTM Double XTM туралы айттым.


Бұл қоспада ағзаға қажетті барлық компоненттер бар, сонымен бірге Ресей және Қазақстан тұрғындарына жетіспейтін дәрумендер де қосылған. Қоспаның құрамында минералдар көп. Атап айтар болсам: темір, йод, кальций, магний, мыс, молибден, селен хром, мырыш және биотин, D, A, B1, B2, B12 дәрумендері, пантотен қышқылы бар.

NutriliteTM Double XTM құрамындағы фитонутриенттер семіруді тежеп, ағзаның барлық дәрумендер мен минералдары тең дәрежеде сіңіруіне жағдай жасайды.

- Ел-жұрт беретін ақыл-кеңесіңізді өзіңіз қаншалықты ұстанасыз?

- Мен де адаммын, аракідік қалыптасқан жүйені бұзып алатын кезім болады. Айталық, жұмыстың көптігінен кей кездері уақытында ұйықтамаймын. Туған күнімді тәттіден дәм татуым мүмкін. Алайда тәтті тағамдардың барлығын өзім әзірлеймін. Кейде шарап ішуім мүмкін.

Дегенмен мұндай сәттер сирек. Өзім қалыптастырған ережеден көп жағдайда ауытқымаймын.

Ұзын сөздің қысқасы: дұрыс тамақтану қажет, бұл анау айтқандай қиын емес. Жастығыңызды, денсаулығыңызды ешбір дәрі-дәрмек сақтап қалмайды. Барлығы өзіңізге байланысты. Дұрыс тамақтану тәртібін қалыптастырсаңыз ертеңгі күні оның жемісін жейсіз.

Рекомендовать
Последние новости