«Таңдау» байқауы басталды

Dalanews 09 нояб. 2021 07:06 1076

ҮЕҰ арасында «Таңдау» байқауы басталды. Шараны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Азаматтық альянсы ұйымдастырып отыр. Сыйлық Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған 10-шы Азаматтық форум аясында табысталады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Байқаудың негізгі идеясы – Қазақстанның әлеуметтік және қоғамдық өміріне, тәуелсіздіктің орнығуы мен азаматтық қоғамның қалыптасуына үлес қосқан қазақстандық ҮЕҰ қызметінің жетістіктерін көпшілік алдында тану.

«Таңдау» республикалық сыйлығының конкурсына қатысуға коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдар шақырылады. Сыйлық алуға ізденушілерді жеке тұлғалар, адамдар тобы, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, бизнес-құрылымдар мен кәсіпорындар, ҮЕҰ және мемлекеттік органдар ұсына алады.

Марапатталғандарға тұлғаларға тиісті номинация бойынша «ТАҢДАУ» Республикалық сыйлығының лауреаты» атағы, лауреаттың атаулы дипломы және естелік мүсінше табысталады. Марапаттау рәсімі 26 қарашада Алматыдағы Азаматтық форумда өтеді.

2021 жылы сыйлық 15 номинация бойынша беріледі:

  1. Білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласында жетістікке жету;

  2. Азаматтардың денсаулығын сақтау мен салауатты өмір салтын насихаттау;

  3. Қоршаған ортаны қорғау;

  4. Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;

  5. Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге көмектесу;

  6. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;

  7. Жетім балаларға, толық емес және көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсету;

  8. Халықты жұмыспен қамтуға атсалысу;

  9. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

  10. Мәдениет пен өнерді дамыту;

  11. Тарихи-мәдени мұраны қорғау;

  12. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту;

  13. Пробация қызметтеріне олардың есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде жәрдемдесу;

  14. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;

  15. Азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.


 

Жұмыстар келесі критерийлер бойынша бағаланады:

  • Ұйымның үкіметтік емес сектордағы жұмыс өтілі 10 жылдан астам болуы;

  • Мақсатты топтардың аймақ не ел өміріндегі жұмыс нәтижелерінің маңыздылығы мен әлеуметтік әсері;

  • Қызмет пен іске асырылған жобалардың әлеуметтік маңыздылығы;

  • Қызмет тәжірибесі мен нәтижелерін тарату (мультипликативтік әсері);

  • Ұсынымдар, қоғам мен БАҚ пікірлері.


 

Конкурстық комиссия қоғамдық-саяси көшбасшылар, ҮЕҰ өкілдері, Парламент депутаттары, бизнес-құрылымдар мен мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйым өкілдерінен жинақталатынын атап өткен жөн.

Өтініштер тек электронды түрде қабылданып, тікелей ұйымдастырушылардың                         ( grazdanskiiforum2021@gmail.com ) электрондық поштасына 2021 жылдың 13 қарашасына дейін жіберілуі керек.

Байқаудың ережесімен Қазақстанның Азаматтық альянсы сайтындағы сілтеме арқылы танысуға болады: https://clck.ru/YeNRu

Байқау нәтижелері 2021 жылдың 26 қарашасында жарияланады.

Рекомендовать
Последние новости