Ұлттық баяндама жобасын Ұлттық баяндама жобасын

Dalanews 09 нояб. 2021 07:13 1197

Бүгін қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндама жобасын жария талқылауға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрімен бірге ҮЕҰ өкілдері, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің белсенді мүшелері мен сарапшылар қатысты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Ұлттық баяндама сіз бен біздің ортақ жұмысымызды көрсетеді, сондықтан ол қоғамдық кеңестер жұмысының нәтижелері мен талдауын ғана емес, бар проблемаларды және оларды жою шараларын да көрсетуі тиіс, – деді Аида Балаева.

Баяндаманы дайындау негізіне халық арасында сауалнама жүргізу және қатардағы азаматтардың қоғамдық кеңестер қызметі туралы жеке бағалары, әлеуметтік зерттеулер кірді.

Министр баяндаманың Мемлекет басшысына алғаш рет енгізілетінін, яғни, сапалы, толық және объективті болуға тиіс екенін атап өтті. Ол орын алған проблемаларды шешу үшін әзірленген ұсынымдарды жергілікті жерлерде уақтылы іске асыру қажеттігін атап өтті.

Баяндаманы талқылау кезінде сарапшылар: Андрей Чеботарев, Жұлдызай Искакова, Александр Братенков сөз сөйледі. Олар баяндама жобасы республикалық және жергілікті деңгейлерде жинақталған тәжірибені сипаттайтынын атап өтті.

Азаматтық қоғам өкілдері Бакытгуль Хамбар, Сергей Гуляев, Айдар Әміребаев, Гүлнар Құрбанбаева, Марат Башимов, Балжан Досмұхамедова, Кайрат Жәнібеков мазмұн бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Қоғамдық кеңестер туралы заңнаманың жаңа нормаларына сәйкес, қоғамдық кеңестердің қызметі туралы Ұлттық баяндаманы дайындау және Мемлекет басшысына енгізу алғаш рет заңнамалық деңгейде бекітілді.

Рекомендовать
Последние новости