Жыл сайын кеңейіп жатқан Елорданы жылумен қамту ісі қазірден жоспарлануда

Dalanews 09 нояб. 2021 08:21 687

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ЖЭО-3 құрылысының барысы туралы айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz қала әкімдігінің ресми сайты.

– Елордада жыл сайын 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынады. Қалада жылу беру маусымы шамамен 7 айға созылатындығын ескеріп, болашақта жылу энергиясы тапшылығы туындамас үшін ЖЭО-3 құрылысы қайта басталды. Осы ретте қаланы аралау барысында ЖЭО-3 құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын тексердім, – деді Алтай Көлгінов.

ЖЭО-3 6,5 млн шаршы метр тұрғын үйді жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, елордада екі газ қазандығының құрылысы қолға алынбақ. Олардың қуаты ЖЭО-3 қуаттылығынан екі есе асып түседі, бұл тапшылық болжанып отырған учаскелерді және болашақ құрылыс учаскелерін жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Маңызды стратегиялық нысанды іске қосу 2022-2023 жылғы жылыту маусымына жоспарланып отыр.



– Қолданыстағы жылу электр орталықтарын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілді, Айталық, ЖЭО-1 және ЖЭО-2-де барлық су жылыту қазандықтары газға ауыстырылды. Сондай-ақ, қалада газдандыру жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралардың барлығы қала тұрғындарының өмір сүру жағдайын жеңілдетіп қана қоймай, қала экологиясына да оң әсер етеді, – деді қала басшысы.


Жаңа үйлер мен болашақ құрылыс аудандарын сумен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету үшін ССС-3 (сорғы-сүзгі станциясы) құрылысын, КТҚ-2 (кәріз тазарту қондырғылары) жобалауды жүргізіліп жатқанын әкім атап өтті

Рекомендовать
Последние новости