Тамызда тиімді сыйақы мөлшерлемесін ұсынатын банктер мен депозиттер атауы жарияланды

Кәмшат Тілеухан 01 авг. 2025 15:55

Қазақстанда қай банктер депозит бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесін ұсынады? Тамыз айы бойынша мәліметтермен Dalanews.kz сайтынан таныса отырыңыздар.

Тамыз айында жоғары мөлшерлеме ұсынатын банктер мен депозиттер атауы:

  • Bereke Bank - "Күн Сайын" депозиті және HomeCredit Bank - "Қарапайым+" депозиті. Екеуі де жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемені (ЖТСМ) 15,89% деңгейінде ұстап тұр. Мәселен, бұл депозиттерге 1 млн теңгеден салсаңыз, 12 айдан соң оның үстіне әрқайсысынан 158 899 теңге табыс қосып ала аласыз.
  • Bereke Bank - "Копилка" депозиті. Нарықтағы бірегей шарт: кем дегенде 12 ай. ЖТСМ - 15,89%. Мәселен, бұл депозитке 1 млн теңге салсаңыз, 12 айдан соң одан 158 899 теңге табыс табасыз.
  • ForteBank – "Со снятием" депозиті, мұнда да ақшаны шешуге 12 айдан кейін рұқсат етіледі. ЖТСМ - 15,49%. Бұл арада да 1 млн теңге салып, бір жылда 153 895 теңгеге қосымша кеңеле аласыз.
  • KZI Bank – "Свёрнутый" депозиті. 12 айдағы ЖТСМ - 15,39%. Мұнда 1 млн теңге салсаңыз, бір жылдан кейін қосымша 153 895 теңге табыс табасыз.
  • Kaspi.kz - "Kaspi депозиті". 12 айға нақты жылдық кірістілік 15,05% құрайды. Бұл депозитте 1 млн теңге салымы барларға бір жылда 150 479 теңге табыс түседі.

Өзге ірі банктердің сыйақы мөлшерлемелері алдында аталғандарынан аздап төмен, дегенмен жоғарыға жатады:

  • Halyk Bank - "Универсиальный" депозиті, 12 ай: ЖТСМ — 14,82%, жылдық табыс — 148 206 теңге (салым 1 млн теңге болғанда),
  • Freedom Bank - "Копилка" депозиті, 12 ай: ЖТСМ — 14,82%, жылдық табыс — 148 206 теңге (салым 1 млн теңге болғанда),  
  • Altyn Bank - "Алтын қор" депозиті, 12 ай: ЖТСМ — 14,79%, жылдық табыс-147 946 теңге (салым 1 млн теңге болғанда).

Рекомендовать
Последние новости