Талдықорғанда карантиндік шектеулер күшейтілді

Dalanews 14 янв. 2021 05:59 894

Талдықорған қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, облыс орталығында демалыс күндері локдаун енгізіледі. Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың шешімі бойынша 2021 жылғы 15 қаңтар сағат 00:00-ден 2020 жылғы 29 қаңтар сағат 07:00-ге дейін карантиндік шектеу іс-шаралары енгізіледі. Бұл туралы «JETISÝ MEDIA»алаңындағы баспасөз-мәслихаты барысында белгілі болды.

Талдықорған қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәкен Мелдебаевтың айтуынша, демалыс күндері азық-түлік өнімдерін сатуды қоспағанда, қоғамдық көлік, қоғамдық тамақтану объектілері,  СПА-орталықтар, тренажер залдары, спорт нысандары фитнес-орталықтар, бассейндер, қоғамдық моншалар, сауналар, сондай-ақ барлық сауда базарлары/дүкендердің жұмысы тоқтатылады.

«Мамандандырылған автомобильдерді қоспағанда және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін көліктің кез келген түрінің қозғалысын тоқтата тұру, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде, Гаухар Ана және Біржан сал көшелерінде саудаға жол бермеуді қамтамасыз ету. Жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу немесе орындамау анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, оның ішінде профилактикалық сипаттағы шараларды қолданылады.Осы қаулы 2021 жылғы 15 Қаңтарда 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.


Айта кету керек, Талдықорған қаласынан бөлек, Алматы облысының Көксу және Ескелді аудандарында локдаун режимі іске қосылады. Жаңа жылдық демалыс күндерінен кейін Талдықорған қаласындағы коронавирустық инфекциясына шалдығу күрт өскен. Салдарынан, эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес қала «қызыл аймақта», ал Көксу, Ескелді және Панфилов аудандарында «сары аймақта» қалып отыр.

Рекомендовать
Последние новости