Тағы бір вице-министр қызметінен кетті

Қаракөз Амантай 27 февр. 2024 11:23 2818

Досбол Бекмағамбетов ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шенеунік бұл қызметке 2023 жылдың ақпанында тағайындалған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев та қызметінен кеткен еді. Ол жемқорлық жасады деген күдікке іліккен болатын.

"БҰҰ-ның климат өзгерістері бойынша конвенциясы тараптарының 28-конференциясын ұйымдастыру шығындары бойынша Экология және табиғи ресурстар министрлігі жүргізген ішкі аудит нәтижесінде министрлік басшылығы құжаттарды жемқорлыққа қарсы комитетке жіберді" - деп экология министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған еді.


Рекомендовать
Последние новости