Семейде тұрғын үйлер мен мектеп құрылысы қатар жүруде

Нұрлан Жұмахан 20 февр. 2024 20:05 4788

Семейде тағы бір көпфункционалды кешен салынады. Кешенді «Локомотив» стадионының аумағында салу ойластырылуда. Бұдан бөлек «Семей қаласының құрылыс бөлімі» ММ  басшысы Руслан Сақтағанов Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында тұрғын үй секторында да құрылыс қарқынын белсенді дамыту жалғасып жатқандығын атап өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– 2023 жылы 21 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды және жобалар ауыспалы болып табылады. Сондықтан құрылыс әлі де жалғасуда. Салынып жатқан үйлерді 3 тоқсанда пайдалануға беру жоспарланған. Жиырма бір үйдің ішінде 1 352 пәтер болады деп есептелінген. Барлық пәтерлердің жалпы ауданы 82 мың шаршы метрді құрайды, – деді Руслан Сақтағанов.

Сондай-ақ, Семей қаласы бөлім басшысы қалада тұрғын үйлерден басқа мектептер де салынып жатқандығын жеткізді.

– Ағымдағы жылдың 2 тоқсанында 712 пәтерге арналған 13 көппәтерлі тұрғын үй құрылысын бастау жоспарлануда. Құрылыс негізінен қаладағы ең белсенді дамып келе жатқан Қарағайлы шағын ауданында жүргізіледі.

Сонымен қатар, 1 300 орындық мектептің құрылысы басталды. Водный кентінде тағы бір мектеп салынуда, бұдан басқа ағымдағы жылы Ақсай, Шығыс кенттерінде және Қарағайлы шағын ауданында тағы үш білім беру мекемесінің құрылысы басталады.

2023 жылы Семей қаласының әкімдігі мен «Қазминералс-Демеу» корпоративтік қоры арасындағы келісім бойынша Заря шағын ауданында 1200 орындық мектеп құрылысы басталды, – деп толықтырды Руслан Сақтағанов.


Рекомендовать
Последние новости