Табиғатты ластаған кәсіпорынға 2,9 млрд теңге айыппұл салынды

Қаракөз Амантай 07 сент. 2024 10:42 3400

Қазақстандық кәсіпорынға табиғатты ластағаны үшін 2,9 миллиард теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ақтөбенің табиғат қорғау прокурорлары "Восход Хром" ЖШС-нің қызметінде Хромтау ауданында хром кенін өңдеу кезінде заңбұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, кәсіпорын 2022 жыл ішінде міндетті экологиялық рұқсатсыз жұмыс жасаған.

"Тиісінше, осы кезеңдегі барлық эмиссиялар, бұл атмосфераға 52 тоннадан астам ластаушы заттардың шығарындылары (бейорганикалық шаң, үш валентті хром, магний оксиді және т.б.), сонымен қатар жалпы 395 мың тонна көлемінде орналастырылған ірі кесек және шламды байыту қалдықтары нормативтен жоғары, яғни заңсыз деп танылды. Табиғат қорғау прокуратурасының шараларымен кәсіпорынға экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асырғаны үшін, 2,9 миллиард теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", – делінген хабарламада.

Серіктестік әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыға сот тәртібімен шағым жасалды. Облыстық соттың бірінші және апелляциялық сатылары айыппұлды заңды деп таныды.


Рекомендовать
Последние новости