Суға түсудің тәртібін неге сақтамаймыз?

Жарбол Кентұлы 16 июл. 2024 17:33 1842

Қазақстанда су айдындарында қаза тапқандардың саны күннен-күнге өсуде. Алайда балалар өлімінің күрт өсуі үлкен алаңдаушылық тудырады.

‼️Жазатайым оқиғалар демалыс күндері жиі кездеседі. Қауіпсіздік ережелерін елемеу, жабдықталмаған жерлерде шомылу және балаларды назардан тыс қалдыру көбінесе қайғылы жағдайға әкелуде. Мәселен, шомылу маусымы басталғаннан бері 85 адам, оның ішінде 35 бала суға батып кетті.

ТЖМ қазақстандықтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Бұл ережелермен сіз министрліктің ресми сайтында таныса аласыз.
Тыйым салынған жерлерде шомылу өмірге қауіп төндіріп қана қоймай, айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша 721 қазақстандыққа 18 миллион теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Министрліктің халықты қорғау бойынша қабылдаған шаралары өз тиімділігін көрсетуде. Оған дәлел, 45 күннің ішінде құтқарушылар 153 адамның, оның ішінде 38 баланың қаза болуына жол бермеді.

☝️Біз үшін әрбір өмір маңызды.



Рекомендовать
Последние новости