Қырғызстанда тағы да сел жүрді: бір баланың денесі табылды

Қаракөз Амантай 15 июл. 2024 10:24 2738

Қырғызстанның Ош қаласында болған сел салдарынан жоғалып кеткен 7 жасар қыздың денесі Өзбекстан аумағынан табылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәлметінше, Әндіжан қаласындағы (Өзбекстан Республикасы) Шахрихонсой суару каналынан 2017 жылы туған қыздың мәйіті табылды.

Оның денесі "Достық" шекарасы арқылы қырғыз тарапына берілді. Жоғалған екі әйел мен екі қызды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Еске салайық, 28 маусымда Қырғызстанда нөсер жауын-шашын жауып, Ош облысының Ноокат ауданында жойқын сел тасқыны өтіп, оның салдарынан тұрғындар мен туристер зардап шекті.

Соңғы мәліметтер бойынша, тоғыз адам қаза тапты, оның төртеуі – қазақстандық бала. Қайғылы оқиға болған күні шығыс қазақстандық екі ұл мен екі қыз аналарымен бірге туыстарына барған.

"Табиғи апат орнында қырғыз тарапының құтқару қызметтері жұмыс істеп жатыр. Қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен тұрақты байланыста. Біздің Қырғызстандағы Елшілігіміз қайтыс болған балалардың туыстарына барлық қажет көмек көрсетіп жатыр. Бұл қайғылы оқиға ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше бақылауында", - деп жазылған СІМ хабарламасында.

Осыған байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстан СІМ басшысы Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесіп, төтенше жағдайдың мән-жайын және екі елдің тиісті мемлекеттік органдарының өзара іс-қимылын талқылады.


Рекомендовать
Последние новости