Бірнеше қалада террористік қауіп деңгейі алынды

Көркем Алдабергенова 05 июл. 2024 10:05 2530

Астана мен Алматыда террористік қауіптің "сары" деңгейі алынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл туралы терроризмге қарсы орталық хабарлады. 

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті мен Қытай төрағасының мемлекеттік ресми сапарының аяқталуына байланысты "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" заңның 13 және 15-баптарына сәйкес күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша күзет іс-шараларын өткізу кезінде терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы ретінде Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы терроризмге қарсы операция режимін 4 шілденің 23 сағат 59 минуттан Астана қаласында алып тастау туралы шешім қабылданған. 

Сонымен қатар, Қазақстан президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы №611 Жарлығымен бекітілген "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларына" сәйкес Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларында 4 шілденің 23 сағат 59 минутынан террористік қауіптің бірқалыпты ("сары") деңгейі алынып тасталды.

Күштік құрылым бөлімшелері штаттық режимде жұмыс істейді.


Рекомендовать
Последние новости