Су тұшыту қондырғылары Маңғыстаудағы ауыз су тапшылығын жояды

Dalanews 22 нояб. 2022 11:02 1152

Климаттық және ландшафттық ерекшеліктеріне байланысты Маңғыстау облысы үшін өзекті мәселе – соңғы жылдары жақсы қарқынмен дамып жатқан өндірістік мекемелер мен халықты сумен қамтамасыз ету болып табылады.

 

Облыста ауыз судың тапшылығы, әсіресе жаз айларында қатты сезіледі. Қажеттілік тәулігіне 51 000 м3 құрап отыр. Аймақтың даму деңгейін ескере отырып, 2025 жылға қарай суға деген қажеттілік тәулігіне 250-260 мың м3, ал тапшылық тәулігіне – 100-110 мың текше метрді құрайды деп болжануда.

Мемлекет басшысы бұған дейінгі Маңғыстауға жұмыс сапары барысында 2025 жылға қарай суға деген қажеттілік өсетінін атап өткен еді. Осыған байланысты Ақтау қаласын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметі мен облыс әкімдігіне шұғыл түрде "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" кешенін жаңғырту жөніндегі жедел іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

– Мен Кендірлі ауылында су тұшыту зауытын салуды тапсырдым. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп зауытты 2024 жылдың соңына дейін іске қосуы тиіс. Ауылдық жерлерде сапалы ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселесі әлі де шешілген жоқ. Облыста 12 ауыл, яғни ауылдық елді мекендердің 20%-ы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген. Биыл тек 4 ауылды ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл өте төмен қарқын. Өңір әкімдігіне келесі жылдың соңына дейін барлық 12 ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Президент.

 

"Каспий" су тұшыту қондырғысының қуатын арттыру

2019 жылы облыс әкімдігі Мұнайлы ауданының елді мекендерінде және Қарақия ауданының Құрық ауылында су тапшылығы проблемасын шешу бойынша жұмысты бастады.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 2019-2022 жылдары Ақтаудағы "Каспий" зауытының  су тұшыту қондырғысының қуатын тәулігіне 40 000 м3 дейін ұлғайтуға 12,1 млрд теңге бөлінген. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, аяқталуы - 2022 жылдың соңы. Аталған нысанның құрылысы бітсе, 220 мыңға жуық тұрғын ауыз сумен қамтылады.  Мұнайлы ауданының, Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарының, Қарақия ауданының Құрық ауылының, Аграрлық аумақ және "Жылы жағажай" курорттық аймағы 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.



Ақтаудың жаңа шағын аудандары ауыз сумен қамтылады

Мұнайлы ауданы халқының жыл сайынғы өсімін және Ақтау қаласының солтүстік бағытының белсенді дамуын ескере отырып ( жаңа 7 шағын ауданда шамамен 100 000 адам тұратын болады) қуаттылығы тәулігіне 60 мың м3 болатын "Каспий" су тұшыту зауытының III кезегін салуға дайындық басталды. Жобалаушы - "ҚазНұр" жобалау-құрылыс институты 2022 жылдың желтоқсанында сараптамаға техникалық-экономикалық негіздеме ұсынуды жоспарлап отыр. Жобаның болжамды құны - 25 млрд. теңгені. Жобаны іске асыру мерзімі - 2022-2025 жылдар. Осылайша, "Каспий" зауытының өнімділігі тәулігіне 100 000 м3 болады.

 

MAЭK-тің қуаттылығы жетпегендіктен өзге нұсқалар қарастырылуда

Ақтау мен оған іргелес елді мекендер үшін ауыз судың негізгі өндірушілерінің бірі - қуаттылығы тәулігіне 52 мың текше метр болатын "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС. Облыс орталығының 205 мың тұрғынын сумен қамтамасыз ету үшін бұл нысанның қуаты жетпейді. Аталған кәсіпорынның негізгі жабдықтары өткен ғасырдың 60-90 жылдарында пайдалануға берілген. Негізгі жабдықтың физикалық тозуы қазір 80,7% құрайды.

Кәсіпорында теңіз суын тұшыту үшін ескі жабдықталған  бес дистилляциялық тұшыландыру қондырғысы және жаңартылған үш көлденең-құбырлы буландырғыш  пайдаланылады. Жабдықтың пайдалану ресурсына 20 жыл болса да, қондырғыларды пайдаланудың нақты мерзімі 31 жылдан 40 жылға дейін.

Халықты ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында №7 және 8 (жалпы қуаттылығы тәулігіне 16 мың м3) дистилляциялық-тұшыландыру қондырғыларын пайдаланудан шығарып,  өнімділігі тәулігіне 24 мың м3 жаңа МТПИ – 4А, 4Б және МТПИ-5А, 5Б құрылғыларын орнату жоспарлануда.




Жоба мемлекеттік сараптамаға берілді. Оң қорытынды алғаннан кейін Маңғыстау облысының әкімдігі республикалық бюджет есебінен қаржыландыруға өтінім беретін болады. Құны 18,7 млрд. теңге болатын жобаны іске асыру 2023-2024 жылдарға деп жоспарланған.

 

Тиімді бағытқа инвестиция салу

Ақтауда жеке инвесторлар қуаттылығы тәулігіне 20 000 м3 тұшыту қондырғысын салу бойынша жоба жүргізуде, оны 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Жобаның құны - 4 млрд теңге. Нысан Ақтаудың жаңа шағын аудандары, сондай-ақ Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуі тиіс.

 

Түпқараған ауданындағы су тұшыту қондырғысы

Алдағы екі жылда Түпқараған ауданының үш елді мекенінде су мәселесі шешілетін болады. Жыл сайын жазғы кезеңде Форт-Шевченко тұрғындары мен Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарының тұрғындарына кесте бойынша су беріледі.

Су тапшылығын жою үшін Түпқараған ауданының әкімдігі 2022-2023 жылдары Форт-Шевченкода қуаты тәулігіне 5 мың текше метрді құрайтын  су тұшыту қондырғысын салуға ЖСҚ әзірледі.

Бұдан басқа, 2023-2024 жылдары Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарында қуаттылығы тәулігіне 10 мың м3 су тұшыту қондырғысын салуға ЖСҚ әзірлеу жоспарланған.

 

Жаңаөзен тұрғындарына су кесте бойынша берілмейтін болады

Су тапшылығын Жаңаөзен қаласының тұрғындары мен іргелес елді-мекендердің 156 мыңға жуық адамы да  көруде.

"Астрахань-Маңғышлақ" магистральдық құбыры арқылы тәулігіне 25 мың м3 су беріледі. Жаз айларында Жаңаөзен қаласының кей  елді мекендеріне су кесте бойынша беріледі. Санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес ауыз суға деген жалпы қажеттілік – тәулігіне 42-43 мың м3.

Жаңаөзен қаласының 2025 жылға дейінгі дамуын ескере отырып, ауыз суға деген қажеттілік тәулігіне 50 мың м3 құрайтын болмақ.


Бұл мәселені Кендірлі ауылында қуаттылығы тәулігіне 50 мың м3 су тұшыту зауытын салу арқылы  шешу жоспарланған. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны - 87,8 млрд теңге. Жобаны іске асыру мерзімі - 2022-2024 жылдар. Жобаны бірлесіп іске асыру үшін халықаралық инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

 

Маңғыстауда жер асты су көздерін пайдалану жоспарлануда

Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында 2024 жылы өнімділігі - 80 мың м3 су тұшыту зауыты мен су сорғы станциясының құрылысы бойынша жобаны іске асыру басталады. Жаңа нысан Бейнеу ауданының Бейнеу, Есет және Боранқұл ауылдарының, Жаңаөзен қаласының, Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы ауылдары, Еділ суын пайдаланатын Маңғыстау ауданының Сайөтес ауылының тұрғындарының ауыз суға қол жеткізуін едәуір жеңілдетеді. Зауыт өндіріс процесінде Төңірекшың кен орнының жер асты суларын пайдаланатын болады. Б

ұл жер Боранқұл ауылынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Кен орны тәулігіне 104 мың текше метр су бере алады, тұздылығы бір литрге 3-4 грамм.




Су тапшылығы мәселесін шешуден басқа, Каспийде техногендік апаттар болған жағдайда, нысан Ақтау мен Жаңаөзен үшін ауыз судың резервтік көзі болуға көмектеседі. Жобаның құны - 90 млрд теңге.

 

"Астрахань-Маңғышлақ" су құбыры

Маңғыстау облысына ауыз судың бір бөлігі Ресей Федерациясынан "Астрахань-Маңғышлақ"су құбыры арқылы келеді. Тәулігіне 17,5 мың текше метрді су құбырынан "Қаражанбасмұнай" өнеркәсіптік және шаруашылық қажеттіліктеріне алатын. Бұл мәселені шешу үшін компания ауыз суды алмастыра алатын су өндіретін зауыт салды.

Бұдан басқа, "ҚазТрансОйл" АҚ 1988 жылы пайдалануға берілген "Астрахань-Маңғышлақ" су құбырын жаңғыртуды қаржыландыру мәселесін пысықтауда. Аталған су құбырының тозу деңгейі қазір 87%. Бүгінгі таңда су құбырын қайта құру жобасының техника-экономикалық негіздемесі әзірленді. Жобаның құны - 421,6 млрд. теңге, оның ішінде 1-кезек - 147,5 млрд теңге.

 

Екі млрд теңгеден астам инвестиция

Жақында Freedom компаниялар тобы мен Маңғыстау облысының әкімдігі "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық бағдарламасы аясында Ақтаудағы су тұшыту  зауытынан №4 орталық сумен жабдықтау торабына  дейінгі аумақта сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілерінің құрылысын қаржыландыру бойынша меморандумға қол қойды.

Бұл жобаны қаржыландыру 2,12 миллиард теңгені құрайды. Инженерлік құрылыстар салу Ақтау қаласының, сондай-ақ Түпқараған ауданының Ақшұқыр және Саин Шапағатов ауылдарының тұрғындарын сапалы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Нәтижесінде 230 мыңға жуық тұрғын ауыз сумен қамтылады. Жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау Маңғыстау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының "Каспий жылуы, су арнасы" МКК-на жүктелген.

Құрылысты аяқтау 2023 жылға жоспарланған.

 

Рекомендовать
Последние новости