Су құбырын салу кезінде 6,4 млрд жымқырылған: тергеу аяқталды

Көркем Алдабергенова 14 апр. 2025 12:14 532

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары бюджеттің атқарылуын тексеру барысында прокурорлар анықтаған «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырын қайта құру кезінде 6,4 млрд теңге сомасына мемлекет қаражатын жымқыру фактісі жөнінде қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«КазТрансОйл» АҚ-ның еншілес компаниясы - «Магистральдық Суағызғысы» квазимемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры, оның орынбасары, мердігер компанияның өкілдері және жобалау ұйымының құрылтайшысы жымқыру жасаған деп күдіктелуде.    

Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде күдіктілердің 1,1 млрд теңге мөлшеріндегі мүлкі анықталып, үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен тыйым салынған.

Қылмыстық іс сотқа жіберіледі.    


Рекомендовать
Последние новости