Стамбұлдағы ұшақ апатынан бір адам қаза болып, 150-ден астамы жараланды

Dalanews 06 февр. 2020 04:07 510

Pegasus Airlines әуе компаниясының ұшағы Стамбұл әуежайында апатқа ұшырап, нәтижесінде бір адам қаза болып, кемінде 157-сі зардап шеккен. Бортта 177 адам болған.

«Ұшақ 30 метрлік биіктіктен қону кезінде құлап түскен» деді Стамбұл губернаторы Али Йерликай жергілікті телеканалдардың эфирінде.

5 ақпан күні кешкісін Измир-Стамбұл бағыты бойынша ұшып келген «Боинг» ұшағы қону кезінде апатқа ұшырап, екіге бөлініп кеткен.

Алдын ала болжамға сәйкес, апатқа қатты жел себеп болған.

 

Рекомендовать
Последние новости