СҚО-да қоғамдық келісім моделін зерделеген ғылыми жобалар байқауы мәресіне жетті

Dalanews 23 июл. 2021 05:25 817

Солтүстік Қазақстан облысында Достық үйінде қазақстанды қоғамдық келісімнің моделі тақырыбы аясындағы ғылыми жобаларға жарияланған байқаудың қорытындысы жарияланды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Өңірде бұл байқау жыл сайын тұрақты ұйымдастырылып келе жатқанын айта кетуіміз керек. Байқауды ұйымдастыру ісіне Солтүстік Қазақстан облысындағы «Қоғамдық келсім» мекемесі мен жергілікті ғылыми орта белсенді түрда араласуда.

Байқау қорытындысында сөз алған «Өрлеу» мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының облыстағы филиалының жетекшісі, педагогика ғылымдараның докторы Алма Мурзалинова елімізде этносаяси жағдайдың қалыптасуына ғылыми тұрғыдан талдап көрсетудің маңызы зор екенін атап көрсетті. СҚО жыл сайын ұйымдастырылатын бұл байқау өңірдегі қоғамдық келсімді нығайтуға өз үлесін қосып келеді.

– Біздің облысымызда қоғамдық келсім мен этносаяси жағдайлардың маңызын ғылыми тұрғыдан түсіндіріп беретін ғылыми кадрлар шоғыры қалыптасқан. Сол себепті облысымызда бұл байқау үздіксіз ұйымдастырып келеміз, – дейді Алма Мурзалинова.

Соңғы уақыттары байқауға қатысуға жас ғалымдар да қатысып, қызығушылық танытып отырғанын атап айтуға болады.

Биылғы байқауға 4 ғылыми жоба топ жарды. Бір жоба осыған дейін республикалық жобаларға қатысқандықтан кері қайтарылған.

Сарапшылар бұл жобалар еліміздегі қоғамдық келсім мен ұлтаралық татулықтың мәні мен мазмұнын ашып көрсететін маңызды жұмыстар екенін айтты. Жиын соңында байқауға жобаларын ұсынған ғалымдарға арнайы сертификат пен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Рекомендовать
Последние новости