СҚО-да Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті

Dalanews 27 нояб. 2022 21:03 891

Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық ынтымақтастық форумы дәстүрлі түрде өтіп келеді. Бұл жолы екі елдің  тоғызыншы өңіраралық ынтымақтастық форумы Петропавл қаласында өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жыл өткен сайын екі ел арасындағы тауар айналымы артып келеді. Статаистикалық деректерге көз жүгіртетін болсақ, биылғы жылдың 9 айында екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 18,5 млрд долларды құрағанын байқаймыз. Осыдан-ақ, Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстың тамыры қаншалықты тереңде жатқанын аңғаруға болады.

Десекте соңғы уақыттағы дүниежүзіндегі геосаяси жағдай өз салқынын тигізіді.

СҚО-да өткен алқалы басқосуда бұл мәселені тиімді шешу жолдарын қос елдің іскерлік топ өкілдері жан-жақты талқылады

Форум жұмысына екі елден жүзден астам бизнес өкілдері қатысты.

– Қазір автокөлік тасымалдары саласында көптеген мәселелер бар. Геосаяси ахуал Еуразиялық одақ құрамындағы Қазақстан мен Белорус, Ресей бизнесіне үлкен әсер етті. Соның ішінде тауар тасымалына ерекше мән беріліп отыр. Мәселен биылдың өзінде Қазақстан арқылы өтетін Қытай мен Ресей арасындағы жүк тасымалының көлемі төрт есе артқандығын айтуға болады. Сондықтан Бахлы ауданында үшінші темір жол өткелінің құрылысы жоспарланған. Ол үшін жаңа темір жол желісі салыну қажет. Бұдан бөлек екі ел арасындағы 29 шекара бекетін кезең-кезеңімен жөндеу көзделіп отыр, – деді ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.


Қазақстан мен Ресей арасындағы бизнес саласы да біте-қайнасқан. Айталық, соңғы 15 жылға жуық уақыт ішінде жалпы құны 600 млн доллары болатын 25 ірі жоба жүзеге асқан болатын.

Сауда саттықтың негіз бөлігі шекаралас орналасқан өңірлерге тиесілі. Мәселен Қазақстан мен тек Орынбор облысы арасындағы тауар айналымы 300 млн доллардан асқан. Бұл былтырмен салыстырғанда бір жарым есе жоғар.

– Енді қазіргі кезде жиырма төрт жоба бар. Сонымен қатар біз алпыс шақты жаңа жобаларды қарастырып жатырмыз. Осы жобалардың барлығы Қазақстан территориясында атқарылатын болады. Жалпы Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда саттық көлемі 2021 жылы 24,6 млрд долларға жеткен. Бұл пандемиялық 2020 жылмен салыстырғанда 31,2 пайызға жоғары, – деді ҚР ИИДМ Индустриалды даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов.

 

Рекомендовать
Последние новости