«Сөзінде тұрмады». Ардагер журналист Боқаевқа реншін айтты

Dalanews 24 февр. 2022 10:08 902

Белгілі ардагер журналист Көсемәлі Сәттібайұлы өзінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі утильалым бойынша мәселе көтерген Санжар Боқаевтың қолға алған ісін аяғына дейін жеткізбегенін ренішін білдірді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Санжар Боқаев деген азамат «Қазір ғана Тойота, Ниссан, Фольксвагеннің арнайы диллерлермен сөйлестім. Олар ертеңнен бастап жаңа автомобильдердің бағасы утильсбордың қысқарған бағасына дейін арзандайды деп отыр.  Бұл менің есебім бойынша орташа 700 мың теңгені құрайды» деп сүйінші сұрады.

Кешіріңіз, Боқаев мырза! Автоалпауыт, автомонополист Нұрлан Смағұловтың "Тойота" орталығында құны 17 млн немесе 13 млн тұратын "Тойотаның" 700 мың теңгеге арзандағанынан қай кедей қазақ ұтады?

Бұл кезде Склярдың "Утильсборды 50 пайызға ғана арзандатамыз" деген көптен күттірген жауабы да жария болған.

Бәрі бір күнде, бір мезгілде жария боп, айтылып жатыр. Бұл жерде бір келісу бар емес пе? Бұл елді алдау емес пе? Елді тағы да шатастыру емес пе? Жұртты бір ай бойы зарықтырып барып айтқандағы "сүйіншілері" осы болса, сенген азаматтарымызға не дейміз?


Бұл жерде екіжақты өзара келсу бар сияқты. Халық сенген адамдар сол халықтың тілегін орындаудың орнына, автоалпауыттар мен олардың Скляр сияқты "крышаларының" ыңғайына жығылып кеткен сияқты.

Неге? Өйткені алғашқы кезде айтылған "Утильсбордың құны 100 мың теңгенің деңгейіне дейін төмендейді" деген сөзге тұру жоқ. Оны халыққа ұмыттырды. Есінен шығарды. Сөйтіп бар болғаны 50 пайыз арзандатуға риза бол деп өзіміз үміт артқан азаматтар өзімізге басу айтып жатыр. Сол үшін ай, ай жарым уақыт созып жүріп алу керек пе еді?

Бұл нені көрсетеді? Бұл – халықтың қамын ойлап, халықтың қалтасына салмақ салмаймыз, Жаңа Қазақстан құрамыз деген Президенттің тапсырмасын Скляр бастап аяққа таптау, яғни орындамау деген сөз. Айтқанын жоққа шығару, тәрк ету деген сөз.


Қаңтардағы бейбіт шеруге көптеген адамдар сұйытылған газдың бағасын арзандату үшін ғана емес, "жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартқандай" боп жүрген осы утильсбордан титықтағандары үшін де шыққанын ұмытпайық.

Рекомендовать
Последние новости