Созақ ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі өтті

Dalanews 23 окт. 2018 05:55 985

Созақ ауданы ауылшаруашылығы оның ішінде мал және егін шаруашылықтары бойынша ауыл, поселке әкімдіктері мен жеке кәсіп иелері арасында дәстүрлі "Алтын күз" көрмесін өткізді. 

Осы көрме аясында озат шаруалар мен әкімдіктер озат шаруашылық ретінде танылып, еткен еңбегінің өтеуіндей түрлі марапаттарға ие болады.

Биылда ауданда осындай мерекелі шара өтті. Созақ ауданының шаруалары күздің қорытындысын шығарған кездесуге аудан әкімі Салыхан Полатов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Бегімбет Байғараев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов қатысты. 

Олар барша аудан жұртшылығын айтулы күнмен құттықтап, алдыңғы орындарды иеленген ауыл әкімдіктері мен еңбек озаттарына марапаттаулар тапсырды.
Көрме шеңберінде ауданның он ауыл әкімдігіндегі шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер, тауар өндірушілер күзгі жиын-терім өнімдерін жәрмеңкеге әкеліп халықтың тұтынымына ұсынды.

Көкөніс, ет және сүт өнімдері, ұннан жасалған түрлі тағамдар, тоқал, бәлішке дейін самсап тұрды. 

Азық-түлік көрмесінде төрт түлік мал еттері, балық және тауық өнімдері бәрі-бәрі де аудан жұртшылығының назарына нарық құнынан төмен бағада ұсынылды.
«Алтын күз» мерекесінде ауыл шаруашылығының түрлі техникалары әрі асыл тұқымды мал түрлері де көрмеге қойылды.

Көрме қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша ең 1-ші орынды – Созақ, ал 2-ші орынды Құмкент және де 3-ші орынды Шолаққорған және де Жартытөбе ауыл әкімдіктері иеленгенін айта кетелік. Бұдан бөлек, жеке көрсеткіштер бойынша түрлі салада еңбек ететін бірнеше кәсіпкер «Алтын күз» көрмесінің арнайы сыйлығын алды.

Рекомендовать
Последние новости