Цой: "Коронавирустың келесі толқынына дайындалып жатырмыз"

Dalanews 10 сент. 2020 08:14 760

Қазақстан коронавирустың келесі толқынына дайындалып жатыр, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингіде, деп хабарлайды dalanews.kz. 

- Қазір жағдай тұрақты. Негізгі көрсеткіштер төмендеді. Бірақ біз көрші және әлемнің басқа да елдерін бақылап отырмыз. Италияда, Испанияда, Германияда, Түркияда аурудың күрт өсімі байқалуда. ТМД-да өсім Қазақстанға қарағанда 0,5%-ке жоғары. Сондықтан біз коронавирустың келесі толқынына дайындалып жатырмыз, - деді Цой.

Оның айтуынша, олар қазіргі уақытта бар 71 мыңнан астам төсек-орынға қосымша тағы 10 257-сін әкеліп орналастырмақ.


Ол бүгіндері екі ірі емхана КВИ науқастарды қабылдауға маманданып, жаңғыртылып жатқанын, 3 640 мобильді топ ұйымдастырылғанын, биылғы эпидемиялық маусымда ауруханалар 5 998 өкпеге жасанды жолмен ауа беретін аппаратпен қамсыздандырылатынын айтты.

- Санитарлық көлік қызметі де қайта жарақтандырылып жатыр. 1 167 бірлік көлік қосымша сатып алынады және өңірлерге жеткізіледі. Ауылдық жерлерге көмек қолжетімді болуы үшін 100 жылжымалы медициналық кешен, 53 рентген аппараты шалғай өңірлерге жіберіледі, - деді министр.

Ол сонымен қатар жаңа эпидемиялық маусымда тұмауға қарсы 2 199 990 доза екпе қосымша сатып алынғанын айтты.

- Қазір ол вакциналар аймақтарға барып түсті. 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін тұмауға қарсы жаппай екпе жүргізіледі. Кейбір өңірлер бұл жұмысты бастап та кетті. Біз әртүрлі елден және өндіруші компаниялардан КВИ-ге қарсы 5 миллион 580 мың доза вакцина сатып алу мүмкіндігін, оны Қазақстан аумағына жеткізу мәселелерімен де айналысып жатырмыз. Сонымен қатар қазақстандық вакцина мәселесін де қарастырып жатырмыз, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Рекомендовать
Последние новости