Сот депутат Берденовтің үстінен шағымданғандардың талабын қанағаттандырмады

Сағыныш Сардарова 29 окт. 2024 16:35 1444

Сот депутат Руслан Берденовтің үстінен шағымданған букмекерлік кеңселердің талабын қанағаттандырудан бас тартты, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Сот шешімімен іскерлік беделді қорғау туралы талапты қанағаттандырудан бас тартылды. Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты "Қазақстан Букмекерлер Ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігінің жауапкер Б.-ға қатысты ақпаратты жалған және заңды тұлғалардың іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп тану туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Талап қою жауапкердің ақпарат порталы арқылы азаматтардың құмар ойындарға жұмсаған қаражаты туралы бірнеше рет жалған ақпарат таратқаны, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құмар ойындарға тәуелділікті ауру деп танығаны, алайда соған қарамастан букмекерлік кеңселер жарнамалауды жалғастыруда деп көрсеткенімен уәжделген.

Даулы басылымдарда Ассоциация мен оның мүшелерінің іскерлік беделі төмендеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпарат болмағандықтан, сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты. Жарияланымдарда бағытталған нақты мекен-жай көрсетілмеген.

Филологиялық-психологиялық сраптама қорытындысы бойынша Ассоциация мен оның мүшелеріне қатысты теріс ақпарат жоқ екені анықталды.

Бұл тұжырымдар сотта жоққа шығарылмады. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазақстан букмекерлер қауымдастығы" саланы монополияландыру және оған ӨКМ үлгісі бойынша "теспей соратын" құрылым құру идеясын ұсынған депутатты сотқа береді.

Мәжіліс депутаттары 5 маусымда екінші оқылымда "Ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша" заң жобасын қабылдады. Әу баста мәжілісмендер кез келген құрылымға үзілді-кесілді қарсы шықты. Құмар ойын жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев ставкаларды есепке алу орталығын "ескі Қазақстаннан" ықпалды лоббистерінің айла-амалы деп мінберден мәлімдеген болатын.


Рекомендовать
Последние новости