Абай облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті

Жарбол Кентұлы 25 окт. 2024 12:37 4518

Бүгін еліміздің маңызды мерекелерінің бірі – Республика күні. Осыған орай Семей қаласының көпір асты кеңістігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті.

Бұл күннің барша қазақстандықтар үшін алатын орны ерекше, өйткені ол ұлттың тәуелсіздігін, егемендігі мен тұтастығын білдіреді. Бұл күн отандастарымызға егемендік жолындағы қиындықтар мен кедергілер, Тәуелсіздіктен күні бүгінге дейінгі жетістіктерімізді еске салады.

Салтанатты шараға 300-ден аса адам қатысты. Олардың қатарында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов, облыстық басқарма басшылары, саяси партиялар өкілдері, депутаттар, күштік құрылым қызметкерлері, қоғам белсенділері, жастар және тұрғындар бар.

Көк байрағымыз мемлекеттік Әнұранымыз шырқалуымен көтерілді.

Айта кету керек, Республика күніне орай Абай облысында 100-ден астам іс-шара өтіп жатыр.


Рекомендовать
Последние новости