Соңғы 10 жыл бойына тұрғын-үй салуды тоқтатқан жоқпыз – Алтай ауданының әкімі

Dalanews 24 дек. 2021 11:37 779

Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов өлкедегі тұрғын-үй құрылысының қарқыны туралы баян етті.

Байғонысовтың атап өткеніндей 2011 жылдан бастап 2015 жылға дейін Алтай қаласында үш балабақша және мүмкіндігі шектеулі балалардың үй-жайы салынған.

«Серебрянск қаласында тағы бір балабақша ашылды. 2015 жылы Чапаев ауылында мектеп салынды. 2016 жылы Алтай қаласында 100 орындық жабық хоккей модулі салынды. Сонымен қатар Алтай ауданында 2017 жылдан бастап аудан орталығының жылу желілері жаңартылып жатыр», – дейді аудан басшысы.

Әкімнің айтуынша аудандағы құрылыс қарқыны 2012 жылдан бері толастамаған.

«2012 жылы Максим Горький көшесінде 60 пәтерлі тұрғын үй салынды. Кейінірек, 2013 жылы, Космонавттар көшесінде 80 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. 2018 жылы аудан орталығындағы Рудный көшесінде 60 пәтерлі тұрғын үй бой көтерді.

2020 жылы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында Алтайда тұрғын үй алуға кезекте тұрған көп балалы отбасылар үшін жалға алу құқығымен 14 жер үй салынды», – деді әкім.

Рекомендовать
Последние новости