Солтүстікті қазақтандыру: Қостанайға көшу үшін не қажет?

Dalanews 12 авг. 2019 05:00 2638

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы Қостанай облысына көшудің оңтайлы жолдарын түсіндіріп берген екен. 

"Еңбек" бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері 2016 жылдан Қостанай облысына Түркістан облысынан 617 адам көшіп келген, оның ішінде 319 ер адам және 298 әйел қоныс аударды.


Қоныс аудару бірінші кезекте облыстың еңбек нарығын толықтыру мақсатында жүзеге асырылады.
Осы орайда, халық көп қоныстанған өңірлерде өткізіліп жатқан бос орын жәрмеңкелерінде ниет білдіргендерге бірінші кезекте облыста сұранысқа ие мамандықтар ұсынылады.

Келген кезде қоныс аударушылар Жұмыспен қамту орталығы ұсынған бос орындарға орналастырылады, ұсынылған жұмыс ұнамаған жағдайда жұмысты өз бетінше іздейді. 


Келген қоныс аударушылар мұғалім, дәрігер, механизатор, аспазшы, менеджер және т.б. мамандықтар бойынша жұмысқа орналастырылды.

Қостанай облысына келген 617 қоныс аударушының 292-і – еңбекке жарамды, оның ішінде 243 адам (83,2%) жұмысқа орналастырылды.


Кез келген азамат Жұмыспен қамту орталығына өтінім берген кезде мамандар бұл мәселе бойынша консультация жүргізеді, Бағдарлама аясында тегін кәсіптік оқытудан өту, сондай-ақ қаласа еңбек нарығында сұранысқа ие екінші мамандық алу мүмкіндігі ұсынылады. Негізінен, қоныс аударушылар келген бетте жұмысқа орналастырылады.

Облыс бойынша жұмыс күшіне қажеттілік жыл сайын 6 мыңға дейін бірлікті құрайды.

Қазіргі таңда облыстың еңбек нарығында көп талап етілетін білікті жұмысшы мамандықтар: механизаторлар, үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері, құрылысшылар, электр жабдықтарының мамандары, аспазшылар және т.б. Облыста дәрігерлер, мұғалімдер мен техникалық бағыттағы мамандарға тұрақты қажеттілік байқалады.

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін жеңілдік пайызы бойынша түрлі микрокредит беру бағдарламалары бар, сондай-ақ «Еңбек» Бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру және микрокредит беру қарастырылған.

Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын 

Бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. 


Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (252,2 мың теңге) беріледі, ал жастарға, көпбалалы және табысы аз отбасыларға, еңбек етуге қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (505,0 мың теңге) беріледі. 

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқу мүмкіндігі бар. Оқудан өткеннен кейін өтеусіз негізде мемлекеттік грант немесе жеңілдік шарттары бойынша микрокредит алуға болады. Ағымдағы жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 3 адам оқудан өтті.

Тұрғын үй нарық бағасы бойынша жалпы негізде сатып алынады. Қоныс аудару бағдарламасына қатысушыларға тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек төлемі қарастырылған – отбасындағы адам санына байланысты он екі ай бойы ай сайын қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін 20-дан 30 дейінгі АЕК мөлшерде (50500 - 75750 теңге) және ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін 15-ден 21 дейінгі АЕК мөлшерде (37875 – 53025 теңге).

Сонымен қатар, қоныс аударушылар материалдық көмекті отбасына бір жылға есептелген сома шегінде (454,5 мың теңгеден 909,0 мың теңгеге дейін) біржолғы алуға және оны меншікке тұрғын үй сатып алуға пайдалануға құқылы (алдын ала сату-сатып алу шарты болған кезде).

Қалада тұратын қоныс аударушылар негізінен тұрғын үйді жалдап тұрады, ал ауылда сатып алады.



Рекомендовать
Последние новости