Смайылов? Үкіметті жаңарту бойынша президент бір тоқтамға келді - Dala Inside

Dalanews 05 февр. 2024 14:33 2959


Мемлекет басшысы Үкіметті жаңарту бойынша бір тоқтамға келді. Реформаларды батыл жүзеге асыру үшін өзіне жауапкершілік алатын, сыннан қорықпайтын, халыққа, қоғамға ұнамайтын шешімдерді жүзеге асыра алатын адам керек екені нақтыланды, деп хабарлайды Dalanews.kz DALA INSIDE арнасына сілтеп.


Ал қазақтың Әлиханы осы талаптарға сай ма? Арна мәліметінше, қазіргі Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Қазақстанды қиын уақыттан аман алып шықты. Ол антикризистік менеджер ретінде функциясын жақсы атқарды.



"Алайда, Смайылов даму менеджері емес дейді, сарапшылар. Ол кризистен алып шыға алады. Бірақ елді ары қарай даму жолына түсіру үшін басқаша ойлайтын жаңа премьер керек.


Қазақтың Әлиханы өзіне тиесілі сақтықпен болашағын жоспарлап, ойлап қойды. Ол премьер кезінде қатты артын жыртпады. Дипломатиямен, ешкіммен ұрсыспай жұмыс істеді. Себебі, премьерлік мәңгі емес. Бүгін ренжіткен адамы ертең алдынан шығатынын білді. Қазақтың Әлиханы осы жағынан алғанда елдің емес, өз болашағын көбірек ойлағаны рас" - дейді Dala Inside дереккөзі.



Не болса да, жаңа премьерге Қазақстан дамуы үшін өз мансабын конға тігіп, бәрімен жұлысып, ұнамайтын шешімдер қабылдап, "жексұрын" болудан басқа амал қалмай отыр. Әйтпесе, Қазақстанның дамуы қиын.


Тоқаев шын реформатор-премьер таба ала ма? Алғашқы сигналды осы сәрсенбі естиміз. Сол кезде Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.



Рекомендовать
Последние новости