Скляр уақытша премьер

Сағыныш Сардарова 05 февр. 2024 16:47 2042


Әлихан Смайыловтың Үкіметі отставкаға кетті. Соған орай премьер-министрдің міндетін уақытша атқарушы болып Скляр тағайындалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.


Роман Скляр 2019 жылғы 18 қыркүйектен бастап ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалған еді. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.


2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.


2023 жылғы 3 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып қайта тағайындалды.



Рекомендовать
Последние новости