Суицидті насихаттағандарға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

Қаракөз Амантай 05 февр. 2024 16:57 1976


Мәжіліс депутаттары суицидті насихаттағандарға арнайы заң жобасын қарастыруға кірісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.


Заң жобасында кәмелетке толмаған баланы өзін-өзі өлтіруге жеткізгені үшін қылмыстық жазаны күшейту ұсынылып отыр. Атап айтқанда, баланы суицидке итермелеген адам 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Қазіргі кезде жазаның мерзімі 3-8 жылды құрайды.



Бұдан бөлек, депутаттар суицидты насихаттағаны үшін қылмыстық жазаны бекітуге мүдделі. Жаза қылмыстың ауырлығына қарай белгіленеді.



суицидті насихаттағаны үшін 738 400 мың теңге;


үгіт-насихат суицидке оқталуға себеп болса, 1 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру;


үгіт-насихат суицидке алып келсе, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.



Рекомендовать
Последние новости