ШҚО вирус жұқтырғандарды қан плазмасымен емдеуді бірінші болып қолға алды

Dalanews 23 июл. 2020 11:59 800

«Әлем барысы», қазақша күрестің майталманы Айбек Нұғымаров коронавируспен ауырған адам ретінде басқа адамдарға көмектесуге ниет етіп, иммундық плазма доноры болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі спортшы індеттің барлық ауыртпалығын басынан өткерді. Енді  вирусқа шалдыққан жандардың сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді. Тиісті ем-домның арқасында дерттен жазылып шыққан электртехникалық колледждың директоры Азат Сарпеков та қауіпті вируспен ауырған адам ретінде басқа адамдарға көмектесуге дайын екенін білдіріп, қан плазмасын тапсырды.

– Пандемияға қарсы адам өмірін сақтап қалу мақсатында қол ұшын беру үшін қан плазмасын тапсырдым. Шығыс Қазақстан облысы қан плазмамен науқастардың өмірін сақтап қалуды еліміз бойынша бірінші болып қолға алды. Ауырып шыққаннан кейін, денемізде қан плазмалары қалыптасқандықтан қиналып жатқан жандарға қол ұшын созу мақсатында қан тапсырып жатырмыз. Осындай киын-қыстау кезеңде бір-бірімізді қолдау көрсетудің маңызы зор, – деді Азат Сарпеков.


Семей қалалық ақпарат орталығы Семей қаласының Қан орталығында COVID-19-ға антиденесі бар иммундық плазма даярлау үшін донорлар тізімі жасалып жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ індеттен аман жандар осы вирусқа шалдыққан адамдарға қол ұшын беруін жалғастыруда.

Семей қаласындағы ауруханалардың бірінде коронавирустан емделіп жатқан науқастарға шаһардағы кәсіпкер 60-адамға түскі ас жеткізіп берді. Қаладағы кәсіпкерлерде бей-жай қарамай қолдан келген көмектесуде. «Бүгін бізде шет қалмай, игі істі жалғастырдық» дейді Қымбат Уағызханова. Осылайша семейліктер вирусты жеңуде және науқастар мен дәрігерлерге қолдау білдіруде өз үлестерін қосуда.

Қуаныш РАХМЕТОЛЛАҰЛЫ, Семей қаласы.

Рекомендовать
Последние новости