ШҚО-да медиация арқылы 890 қылмыстық іс қаралған

Dalanews 21 июл. 2017 06:26 893

Шығыс Қазақстанда ағымдағы жылдың І жартыжылдығында медиаторлардың көмегімен 890 қылмыстық іс қаралған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 50%-ға өскен.

         2016 жылдың 6 айында 446 қылмыстық іс медиаторлардың қатысуымен қаралса, биылғы жылы көрсеткіш екі есеге дейін өсті. Бұл жайлы Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ШҚО сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Чакпантаев мәлімдеді.

– Әсіресе Бородулиха, Зырян, Жарма, Катонқарағай, Тарбағатай аудандарының және Риддер қалалық сотының көрсеткіштері бойынша медиация арқылы істер жиі қаралады. Тек Көкпекті аудандық №2 соты облыс бойынша төмен көрсеткіште, – деді Қайрат Чакпантаев.

Сондай-ақ, алқа төрағасы аса ауыр қылмыстық істерді шешуде медиаторлардың араласуы жайлы айта отырып, терроризм, экстремизм және кісі өлміне әкелген қылмыстық істе медиаторлар араласпайтындығын мәлімдеді.

Рекомендовать
Последние новости