ШҚО-да көпбалалы және аз қамтылған отбасылары ерекше назарда

Dalanews 26 февр. 2021 07:49 770

ШҚО-да көпбалалы отбасылар үшін оқушыларды формамен, аяқ киіммен және тамақпен қамтамасыз ету қарастырылған. Балалардың ата-аналары балбақшаларға ақы төлеуден босатылған. ТжКБ студенттері тегін тамақпен және жатақханамен қамтамасыз етілгенін ШҚО әкімі Даниал Ахметов халықпен есепті кездесуінде айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz  ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кету керек, 2017 жылы тұрғын үй алу кезегінде тіркелген көпбалалы отбасылардың саны бес есеге өскен болатын. Төрт жыл ішінде ауылдық жерлерде тұратын 1625 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Өткен жылы 1049 отбасы, оның ішінде ауылдағы 336 отбасы қоныс тойын тойлаған.

Биыл облыс аудандарында жеке инвесторларды тарта отырып, жалпы ауданы 36 мың шаршы метр болатын 191 екіпәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда.

Рекомендовать
Последние новости